Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Дүниежүзі аруы» байқауының жеңімпазы анықталды

«Дүниежүзі аруы» байқауының жеңімпазы анықталды


Бангкокте өтіп жатқан «Дүниежүзі аруы» халықаралық сұлулық байқауында Филиппин елінің қатысушысы Катриона Грей жеңді. Бұл жөнінде байқаудың ресми сайтында хабарланған.

Катриона Грей 24 жаста. Ол Love Yourself ұйымында қатерлі ауруларға қарсы күреспен айналысады және Young Focus коммерциялық емес ұйымында ерікті болып жұмыс істейді.
Ал Венесуэла өкілі Стефани Гутьеррес екінші орынды иеленді.
Осы байқауда 19 жастағы алматылық бойжеткен Сабина Әзімбаева Қазақстанды таныстырып, 30 келілік ұлттық костюм киген болатын. Өкінішке қарай, ол шешуші турға жетпеді.
«Өкінішке қарай, Сабина Әзімбаева финалға шыққан 20 үздіктің қатарына кірмеді. Алайда, ол көрсеткен өнер ең жарқын нөмірлердің бірі болғаны айқын. Сабинаны құттықтаймыз және оның лайықты өнер көрсеткеніне қуаныштымыз», - деп жазылған «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмм парақшасында.
 baq.kz










17 желтоқсан 2018 ж. 1 117 0