17 жастағы бойжеткен «Астана аруы – 2018» атанды
17 жастағы Еркеназ Сейфулла елорданың ең сұлу аруы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Еркеназ Сейфулла Қазақ технолония және бизнес университетінде «Дизайн» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ендігі ол «Қазақстан аруы» байқауында елорданы таныстыратын болады.
Байқауда «Наз» мемлекеттік би театрының артисі 22 жастағы Александра Беглова бірінші вице-мисс атанды.
Екінші вице-мисс атағы ҚазМЗУ-дің студенті 21 жастағы Сәния Мерғалиеваға бұйырды.
Сонымен қатар аталған оқу орнының тағы бір 22 жастағы студенті Диана Ыдырысова үшінші вице-мисс атағына ие болды.
Жалпы, биылғы жылы елорданың ең сұлу аруы атағына 20 бойжеткен таласты. Олар 2 апта бойы ақтық кезеңге дайыдалған. Қатысушылар спорттық, әлеуметтік және қайырымдылық шараларға қатысты.
Бойжеткендердің өнерін президенттің «Алтын Сапа» сыйлығының иегері Ырза Тұрсынзада, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев , музыкант Ерлан Көкеев және т.б. бағалады.