Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Қарайтын адам бар": Маржан Арапбаева үш айлық қызын тастап, сахнаға шығып кетті

"Қарайтын адам бар": Маржан Арапбаева үш айлық қызын тастап, сахнаға шығып кетті

Жақында үшінші мәрте ана атанған Маржан Арапбаева декреттік демалыста ұзақ отырмады. Әнші үш айлық қызын үйде тастап, сахнаға шығып кетті. 

Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Мен бүгін арнайы Алматыға ұшып келдім. Әрине, үйде бала күтуші бар. Апасы, әкесі, екі әпкесі бар. Барлығы жан-жақтан қарап жатыр. Ешқандай назарсыз қалып жатқан жоқ. Қолымыз босай қалса болды, сол қызды көтеріп, иіскеп, уақытымызды бөлеміз. Біздің үйімізге үлкен қуаныш келді", - дейді Арапбаева. 

Әншінің айтуынша, өнер адамына үйде отырған қиын. - Әрқашан сахнаны іздеп тұрамыз, - дейді ол. 
Бұдан бөлек, өнер иесі пластикалық ота жайлы ойын білдірді. 

"Қажеттілік болып жатса, мен міндетті түрде жасаймын. Бірақ дәл қазір бет тартуға, мұрынды өзгертуге мұқтаж емеспін. Ерінді өзгерту пластикаға жатпайды. Ол омырауды үлкейту, бет-әлпетті өзгерту. Қажеттілік болып жатса, әрине жасау керек. Әсіресе, өнер адамына", - деп ағынан жарылды әнші. 
11 сәуір 2019 ж. 1 049 0