Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүркіт: Тоқал алу мен үшін “жабайылықпен” тең

Бүркіт: Тоқал алу мен үшін “жабайылықпен” тең

Бүркіт пен Аиша бүгінде үш баланың ата-анасы. Алайда жұлдызды жұп екі атұстары мен бір қызын елге көрсете бермейді. Ұлдарының суретін желіге жүктеген күні-ақ, Бүркіт олардың науқастанып қалғанын байқаған. Сондықтан тіл-көзден қорқады.

Бұл туралы Бүркіт “Астана” арнасының “Сырласу” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
“Аишаға анда-санда шектеу қоямын. Мысалы, отбасымызға байланысты көп нәрсені айтпа деймін. Отбасымыз туралы, балаларымыз туралы көп айтпаймыз. Байқасаңыздар, instagram желісіне де балаларымыздың суретін көп салмаймыз. Аиша басында сенбейтін. Бірақ бір байқағаным, баламның суретін салсам, кешке қарай қызуы көтеріліп, ауырып қалады. Кейіннен Аиша да байқайтын болыпты. Бір күні ортаңғы балам да ауырып қалды. Кешке қарай Аиша өзі келіп “алып тасташы” деп тұр. Сосын салмайтын болдық. Өйткені сөз бар, тіл бар. Сондай тоқтаулар қоямын. Балалар туралы көп айтпа, көп көрсетпе деп”, – дейді Бүркіт.
Әншінің айтуынша, олардың өмірінде болып жатқан өзге дүниелерден халық хабардар. Елден жасыратынымыз жоқ, деп ағынан жарылды ол. Сондай-ақ, Бүркіт жасандылыққа жаны қас екенін айтады.
“Халықтың алдында жүрміз. Бізде жасыратын ештеңе жоқ. Өтіріктен үйде ұрысып, таласып, төбелесіп, сахнаға өтірік күлімдеп шықпаймыз. Сахнада қандай болсақ, өмірде де сондаймыз. Бір-бірімізді жақсы көріп, сыйлап тұрамыз. Қатты сөз айтпаймыз. Анда-санда ренжісіп қалатын кездер болады”, – дейді Бүркіт.
Бұдан бөлек, танымал әнші тоқал алуға қатысты пікір білдірді. Ол екінші әйел алған әріптестеріне деген көзқарасы түзу екенін, олардың жеке өміріне араласпайтынын айтты. Алайда өз басына келгенде бірнеше әйел алуға қарсы екенін жеткізді.
“Екі-үш отбасын асырау қолымнан келеді, бірақ мен ондайды жасамаймын. Мен бір жағынан, кеш үйлендім. 30 жасқа дейін әбден жүрдім, неше түрлі қыздарды көрдім. Екіншіден, менің әкем 82 жаста, анам 77-де. 55 жылдан астам бірге өмір сүріп жатыр, Аллаға шүкір. Бала деген әрқашан да әке-шешесіне қарап бой түзейді. Алған тәрбиені өмірімізде қолданамыз. Менің әкем басқа отбасыға кетіп қалып не болмаса ұрыс-керіс болған жоқ. Ондайдан Алладан сақтады. Мен әрқашан да әкемнің жасаған нәрсесін қайталап отырамын, автоматты түрде. Мен үшін ол “дикость”, яғни жат нәрсе”, – дейді Бүркіт.


04 желтоқсан 2018 ж. 1 215 0