Меруерт Түсіпбаева ажырасса да, қыз ұзатып жүрген әріптестерін сынап тастады
Меруерт Түсіпбаева сәтсіз аяқталған некесіне қарамастан, ақша үшін қыз ұзатып жүрген әріптестерін түсінбейді. Әншінің айтуынша, әр өнерпаз қолынан ұстап шыққан қыздың тағдырын ойлап, мойнындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс.
Бұл туралы 31 арнаның “Жұлдыздар жарқырайды” жобасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.“Бір баға бала туған, ажырасқан болғандықтан, қанша сүйікті, танымал болсам да, халыққа көп рахмет, сонда да ырымшыл болғандықтан, өнер адамдары соған көбірек мән беру керек сияқты”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.
Тек жақын туыстары қолқа салғандықтан, әнші бір жолға ғана қыз ұзатуға келісімін берген. Бірақ қыздың қолынан ұстамағанын айтады.
“Келісім бердім. Сыңсу айтайын жақсы, бірақ қыздың қолынан ұстамаймын. Оның қолынан ата-анасы, жеңгелері ұстасын”, – дейді Меруерт.
Бұл орайда өнер иесі ажырасқан әріптестеріне қыз ұзатудан аулақ жүруге кеңес берді. Ырымшыл халық болғандықтан, ұзатқан әншінің тағдыры ұзатылып бара жатқан қыздың тағдырына әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
“Әріптестерім ойлану керек. Мен лайықпын ба? Осы қыздың бақытты болуына үлес қоса аламын ба? Әрине, ақша табу үшін ойланбай кете беретін әріптестеріміз бар”, – дейді Түсіпбаева.