Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕРУЕРТ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ

МЕРУЕРТ – ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ


Ауданымыздан шыққан жас өрендердің қатары жетерлік. Спортта зор жетістікке жетіп, толағай табысқа кенеліп жүрген саңылақтарымыз баршылық. Бала күнінен спортқа машықтанып, шыныққан кент орталығында Меруерт Көпбосынова есімді ару қыз тұрады. Спорттың таэквондо түрімен айналысып, республикалық халықаралық, әлемдік додаларда топ жарып жүр. Жақында ол редакциямызға келіп ақжолтай жаңалығымен бөлісті. Сырдариялық ару Астана қаласында өткен ересектер арасындағы таэквондодан Қазақстан чемпионатында топ жарып, бас жүлдені иемденді.
Меруерт 73 келі салмақта сынға түсіп, Алматы, Атырау, Орал қалаларынан келген таэквондошылардан басым түсті. Сөйтіп, Қазақстан чемпионы атанған спортшымыз Индонезияда болатын Азия чемпионаты, және Азия ойындарына жолдама алды. Және де ұлттық құрама сапына қабылданды. Бұл дегеніміз талай жылғы еңбектің ақталғаны десек болады. Буыны қатаймаған уақыттан алғашқы бапкері Марат Алдабергенов шәкіртін спортты сүюге баулыды. Басқа қыздар секілді үйде отырып кесте тоқудың орнына, орталық стадионда жаттығу жүргізіп, өлшеусіз еңбектеніп, тер төкті. Нәтижесінде сырдариялық бойжеткен биік тұғырдан көрініп, Қазақстан Чемпионы атанды.
Б.АЯБЕКҰЛЫ
18 желтоқсан 2017 ж. 1 116 0