Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Нағи Ілиясов ауылының 60 жылдығына арналған гала – концерт өтті

Нағи Ілиясов ауылының 60 жылдығына арналған гала – концерт өтті

Нағи Ілиясов ауылының құрылғанына 60 жыл толуына орай мерекелік гала – концерт өтті.

Гала-концертте аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін деткізді.

Салтанатты кеште ауылдың өткені мен бүгіні сабақтасып, елге еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсетілді. Мерейтой аясында елді мекеннің қалыптасуы мен өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық өміріне елеулі еңбек сіңірген азаматтар мерекелік медальдармен марапатталды.

Сондай-ақ сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Жеңіс Ысқақова, эстрада жұлдыздары Қуандық Рахым, Жандос Қаржаубай, Sadraddin, Raim және басқа да өнер иелері сахна көркін қыздырып, ауыл тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш барысында әсем әндер шырқалып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлаған мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
09 қыркүйек 2026 ж. 144 0