Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ


ЕЛБАСЫ «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ МАҚАЛАСЫНДА «ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ ДЕГЕН ҰҒЫМНЫҢ ӨЗІ ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ КЕМЕЛДЕНУІН БІЛДІРЕДІ» ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ. ЯҒНИ, РУХА- НИ ЖАҢҒЫРУ ДЕГЕНІМІЗ ҰЛТТЫҚ КОДТЫ, ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТІМІЗДІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП, БОЛАШАҚҚА БАЙЫПТЫ БАҒДАР ЖАСАУ. МҰНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ САҚТАУШЫСЫ, ҚАЙНАР КӨЗІ - АҚЫЛЫ АСҚАН, ЕҢБЕГІ ТАСҚАН ҚАРИЯЛАР ЕКЕНІ СӨЗСІЗ. АЛ ОЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУДІҢ НАҚТЫ КӨРІНІСІ.
Халық даналығында «Өсетін елдің қарты қазыналы болар» деген нақыл бар. Бұл өркендеп, дамып келе жатқан елдің қазыналы қарттары өскелең ұрпаққа өз өнегесімен, елеулі еңбегімен үлгі екендігін дәріптейді. Міне, сондай көпті көріп, ес білгелі маңдай теріне малынып еңбек еткен асқарлық қариялар – нағыз құрметке лайық жандар. Бүгінде 70-тің төріне шыққан құрмет иелері баянды болашақ үшін бел жазбай жұмыс жасап, ұлағатты ұрпақ тәрбиесіне ерекше қызмет қылған.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ауданда қарттарға құрмет көрсету шарасы А.Тоқмағанбетов ауылында жалғасын тапты. Елді мекенде 70 жасқа толған 11 қариямен ауылдық клуб қызметкерлері «Еңбек ерлері - 70 жаста» тақырыбында мерекелік кездесу кешін ұйымдастырып, жас ұрпақ аға буынды ардақтады.
Мерекелік шарада мерейтой иелерін ауыл әкімі Ғ.Алданазаров құттықтады. Өмірі өнегеге толы жандардың ерен еңбектерін атап өтті. Олардың қызмет жолындағы жеткен жетістіктері кейінгілердің келешегіне көп септігін тигізгенін айтып, айтулы шара халық ақылшыларына деген айрықша құрмет екендігін жеткізді. Мұнан соң ауыл әкімі «А.Тоқмағанбетов ЛТД» ЖШС-нің төрағасы М.Есжановпен бірге мерейтой иелеріне сый-құрмет көрсетті. Бұл күні Ж.Әлсейітов, Т.Нұрмағанбетұлы, Б.Төлегенов, М.Шәкетов, З.Сыздықова, А.Жылқыбай, М.Есенбаева, З.Қалыбаева, С.Өмірзақова, Ә.Жүсіпова, О.Үмбетовалар құрметке бөленді. Ал, олардың жүріп өткен жолы кімге болса да өнеге.
Қызылорақ колхозының тумасы Жақсылық Әлсейітов Сұлутөбедегі тракторшылар даярлайтын училищеде оқып, 37 жыл бір салада механизаторлық қызметті атқарған. Осы жұмыста жүріп «Озат механизатор» атанып, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен, «Алғыс хаттармен» марпатталған. Тіпті, қажырлы еңбегі үшін көлік те мініпті. Сұлутөбедегі трактор курсын бітірген еңбек ардагері Тілепберген Нұрмағанбетұлы да майталман механизатор болған. Атаулы саланың қыр-сырына қанық жан зейнетке шыққанша ауылдық кеңестің депутаты болып, қажырлы еңбек еткен. Құрмет иесі Бо- лат Төлегеновты да асқарлықтар кезіндегі адуынды механизаторлардың бірі санайды. Таңның атысы кештің батысы техника тізгіндеген жанның жетістіктері жетерлік. Ол «Еңбек даңқы» орденін омырауына тағып, облыстың, ауданның «Құрмет» грамоталарын алған. Мейрамбек Шәкетовтың да еңбек жолы механизаторлықпен байланысты. Қызылту ауылдық кеңесінің тумасы бұдан бөлек 20 жыл мал шаруашылығымен айналысып, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде.
Құрмет төріндегі ардақты, ақ жаулықты аналардың да өнегелі өмірлері тынымсыз еңбекпен, қарбалас тірлікпен ұштасады. Олардың ішінде Злиха Сыздықованы білмейтін жан кемде-кем. Ауылдың дамуына ерекше еңбегі бар аяулы жан елді мекенде мәдениет, білім саласында еңбек етіп, ауылдағы кәсіподақ комитетінің, ауылдық кеңестің төрайымы, партия ұйымының хатшысы, ауыл әкімі қызметтерін атқарған. «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» бүгінде аудандық «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие берудің үлгісін көрсетіп келеді. Ақтөбелік Айсұлу Жылқыбай болса еңбек жолын аспаздықтан бастап, Қараөзек кеңшарында телефон станциясында телефонистка, «Партияның XVIII съезі» кеңшарында балабақша тәрбиешісі, шаруашылықта жанар-жағар май қоймасының операторы қызметтерін жасаған. Ал Манат Есенбаева совхоздың агрономы болған. Одан кейін совхоздың кәсіподақ комитетінің, Қызыл Ту ауылдық кеңесінің төрайымы, совхоздың партия ұйымының секретары қызметтерін абыроймен атқарған. Ардақты жан «Үздік еңбегі үшін» медалімен, Ы.Жақаевтың «Еңбек аттестаты» және бірнеше грамота- лармен наградталған.
Қызылорақ колхозында өмірге кел- ген Зағира Қалыбаева сауыншы болып еңбек еткен. Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасаған аяулы жан зейнеткерлікке шығып, бала-шаға қызығын көруде. Мерейтой иесі Сәуле Өмірзақова да кезінде сауыншы болып, ауыл шаруашылығы саласында қызмет қылған. Құрметті жан 37 жылдық ерен еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталып, «Ең үздік сауын- шы», «Мал шаруашылығының бірінші класты шебері» және «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» атағын иеленген. Әсия Жүсіпова болю са аудандық пошта байланыс бөлімінде телефонистка, Қызылту ауылдық кеңесінің 8-бекетінде кітапханашы болып, Аманкелді рабкобында ауыл шаруашылығы дүкенінде сатушы, одан соң ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші қызметтерін жасаған. Ал еңбек жолын сауыншылықтан бастаған Орын- басар Үмбетова күріш егіп, Ы.Жақаев ізін жалғастырушы диқан ретінде абыройға бөленді. Әр гектардан 60-65 центнерден өнім алып, бүкілодақтық дипломмен, бірнеше грамоталармен марапатталыпты. Оған қоса, егін шаруашылығы партия цехының басқарушысы қызметін де атқарып, облыстық совет депутаттығына сайланған. Бүгінде осы аталған қариялар ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөберелерінің қызығын көруде.
Міне, шара барысында ауылдың өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек еткен осындай еңбек ардагерлерінің өмір жолдары таныстырылды. Құрмет иелері туралы замандастары қызықты әңгімелер өрбітті. Олардың адамдық қасиеттерін жеткізді. Сондай-ақ, жастар мерейтой иелерінің еңбек жолдарына қатысты сұрақтар қойып, жауаптар алды. Ал ауылдың көркемөнерпаздары қазыналы қарттардың құрметіне әннен шашу шашып, мың бұрала биледі. Осылайша, еңбектері ерен ардақты қарияларға асқарлықтар зор құрмет көрсетті.
Е.БЕРКІНБАЕВ
21 желтоқсан 2017 ж. 1 389 0