Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Наурызнаманың алғашқы күні тойланды

Наурызнаманың алғашқы күні тойланды

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «Көрісу күні» мерекесі аясында «Бауырсақ рarty» ұйымдастырылып, ізгілігі мол іс-шара жүзеге асты. Анар Қалдыбаева жетекшілік ететін бөлімнің мамандары жаңа жылдың басталуын ерекше атап өтті.

Аудан өнерпаздары Абай Құнанбайұлы көше­сінің бойында таңертеңнен бастап бауыр­сақ пісіріп, көпшілікке ұсынды. Көрісу амалын жасап, аға буын өкілдері жастарға ақ батасын берді. Жылдан жылға аман-есен жеткен жұртшылық бір-бірінің деніне саулық тіледі. Қазақы дәстүр бойын­ша жөн-жоралғы жасалып, құрметті меймандарға құрмет көрсетілді.

– Көрісу күні – тек дәстүріміздің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар жүрек жылуы мен мейірім күні. Бұл күн бізге бір-бірімізге деген құрметті, сыйластықты, мейірімділікті еске салады. Ескі реніштерді ұмыттырып, татулық пен келісім орнатуға мүмкіндік береді. Бұл мереке адамдардың бір-бірімен тату-тәтті қарым-қатынас орнататын, жүректерін жылытып, көңілдерін кө­теретін күн. Дәстүр бойынша осы кү­ні жа­қындарымызбен, әріп­тестерімізбен, көр­ші­лерімізбен амандасып, сүйіспеншілік пен достықты жаңартамыз. Сіздерді осы қасиетті мерекемен шын жүректен құт­тықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, береке-бірлік, жұ­мыс­тарыңызға табыс, жү­ректеріңізге шаттық пен қуаныш, жаңа жетістіктер мен жарқын сәттер тілеймін, – деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Анар Қалдыбаева.

Мән-мағынасы зор іс-шараға ауыл әкімдері мен мекеме басшылары, жергілікті халық белсенді атсалысты.


Б.ОРДАБЕКОВ
14 наурыз 2026 ж. 406 0