Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Амал мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Амал мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды табиғаттың жаңарып, адамдардың жүрегіне жылулық сыйлайтын Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал – тек күн мен түн теңесіп, көктемнің лебі сезілетін кез ғана емес, бұл – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрі, елдің бірлігі мен татулығын арттыратын ерекше мейрам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді!» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі» деп атап өтті.

Бабаларымыз «Көріспегеннің көңілі қалған» деп, араздық пен өкпені кешіріп, бір-бірін құшақ жая қарсы алған. Көрісу – ұлттық болмысымыздың, дархан пейіліміздің айқын көрінісі. Халқымыз қашанда амандықты, ағайынмен араласуды, ауызбіршілікті басты құндылық санаған. Сондықтан Көрісу күні – өткенге көз тастап, жаңа күнге үміт артуға, татулықты ту етуге бастайды.

Көрісу күні – Амал мерекесі әр шаңыраққа жақсылық пен құт-береке әкелсін! Ағайын арасы ажырамай, татулығымыз арта түссін! Жаңа күн баршаңызға жақсылық, жанұяларыңызға бақыт, береке әкелсін!

14 наурыз 2025 ж. 226 0