Жаңарған мәдениет ошағы

Өз кезегінде кәсіпорын басшысы Гүлайна Нұртайқызы ауқымды жұмыс барысы жөнінде ақпар берді.
– Талай марқасқа талант иелері шыққан мәдениет үйіне былтыр жөндеу жұмысын жүргізген болатынбыз. Бұл ретте, ұжымның ұйымшылдығы бір сәтке сетінеген емес. Қайта жұдырықтай жұмылып, жақсы іске ұйыса білдік. Мәселен сахна пердесін өз қолымызбен қайта тігіп, арнайы стенд орналастырдық. Жаңа бөлме ашып, үйірме сабағын өткізуге лайықтандырдық. Жылу жүйесін жаңалап, бу қазандығын жөндеуден өткіздік. Сонымен қатар өнерпаздарға арналған бірнеше бөлмені қайта жасақтадық, өнерпаздарға сахна киімін тіктірдік, – дейді Гүлайна Нартайқызы.
Б.АЯБЕКҰЛЫ