САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПТТАЛДЫ
Бұрнағы күні Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мерекелік шара өткізілді. Шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы, кеңсе мамандары және шаруашылық қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шараны сот төрағасы Абдрахман Абдулла ашып, өз сөзінде біздің елімізде 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған мереке ел көлемінде аталып өтілетінін жеткізді. Сонымен қатар Елбасының айтулы мақаласындағы кейбір мәселелерге тоқталды. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында сот жүйесі реформасы бөлігінде «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары табысты жүзеге асырылуда деді.
Мерекелік басқосуда Сырдария аудандық сотының бас маманы Г.Пірімбетке, іс жүргізу инспекторы А.Рашидоваға және шаруашылық қызметкері Л.Гриценкоға Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының «Алғыс хаттарын» табыстады.
М.Асан,
Сырдария аудандық сотының
баспасөз хатшысы