Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Поэзия кеші ұйымдастырылады

Поэзия кеші ұйымдастырылады

Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің 85 жылдық мерейтойына орай аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен аудандық жас­тар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен поэзия кеші өтеді.

Әдеби-танымдық, рухани-мәдени іс-шара 2024 жылдың 23 мамыр күні республикаға белгілі Н.Ілиясов ауылында ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Оған республикалық деңгейдегі жыр мүшайраларының жеңімпазы атанған, өзіндік оқырманы қалыптасқан сырбойылық жас ақындар Ұлықбек Тәңірбергенов, Ақжол Түменбай, Айдар Сайлауов, Дина Бөкебай және Ақтөре Ибрагимұлы бастаған ақындар қатысады. Поэзия кеші аясында сырдариялық жас ақындар да өлең оқу мүмкіндігіне ие болып, оларға арнайы марапаттар табысталады.

– Биыл 85 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан аудандық газет жастардың жаңалығын насихаттап, бізге тұрақты түрде ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осыған орай жергілікті басылымның мерейтойы аясында поэзия кешін ұйым­дастыруды қолға алдық. Бас­тамамыз аудан әкімдігі мен аудандық қоғамдық даму бөлімі тарапынан қолдау тапты. Іс-шара ойдағыдай өтеді деп сенеміз. Поэзия кешінде ақындар аудан тұрғындарын мөлдір жырмен сусын­дататын болады, – дейді аудандық жастар ре­сурс­тық орталығының директоры Айгүл Ахметова.

Осы ретте, аудан тұрғындарын поэзия кешін тама­шалауға, ақындарға қолдау көрсетуге шақырамыз.

«Тт» ақпарат
14 мамыр 2024 ж. 243 0