Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "Тіршілік тынысы –жаңалық жаршысы" атты жазба ақындар арасында мүшәйра өткізіледі

"Тіршілік тынысы –жаңалық жаршысы" атты жазба ақындар арасында мүшәйра өткізіледі

Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен, аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің 85 жылдық мерейтой аясында ұйымдастырылатын "Тіршілік тынысы– жаңалық жаршысы" атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ағымдағы жылдың 29 наурызында аудандық мәдениет үйінде өткізіледі.

Жыр мүшәйраға белгілі ақын-жазушылар қазылық жасайды. Жыр мүшәйрасының қорытындысы бойынша жазба ақындарға төмендегідей жүлделі орындар тағайындалады:

Бас жүлде – біреу
І орын – біреу
ІІ орын – біреу
ІІІ орын – екеу

Талаптары мен шарттары:

Мүшәйра 2 айналымнан өтеді.

І кезең –"Тіршілік тынысы" газетінің 85 жылдығына арналған 1 өлең (Арнау);
ІІ кезең – Сырдария ауданы туралы бір өлең.

- Кент және ауылдық округтерден 25 жастан жоғары 1 талапкер жазба ақыннан қатыса алады;
- Жыр бәйгесіне бұрын еш жерде жарияланбаған өлеңін ұсынуы тиіс.

ЕСКЕРТУ: Мүшәйраға қатысушылардың өтініштері, толық мәліметтері (шығармашылық мінездеме, жеке суреті, куәлік көшірмелері, өлеңдері электронды түрде) наурыз айының 18-не дейін Syrdaria_dk@mail.ru электрондық почтасына немесе WhatsApp арқылы 87051479406 нөміріне жіберілуі тиіс.

Мүшәйра 2024 жылдың 29 наурызында аудандық мәдениет үйінде өтеді.
12 наурыз 2024 ж. 622 0