Қызылордалық өнерпаз Бакуде өткен өнер сайысынан жеңіспен оралды

Кездесу барысында кент әкімі Сыр елінің, тіпті түгелдей Қазақ елінің даңқын асырып, өнерімізді шет ел төрінде танытып жүрген талант иесіне ерекше ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ Жанеркеге білім мен өнерді қатар үйретіп отырған №11 мектеп-лицейінің және С.Майқанова атындағы мәдениет Үйінің басшылығына, оның өнер жолындағы ұстазы Асхат Таңатаровқа және өнерлі жұлдыздың ең басты жанкүйері, осындай дарын иесін тәрбиелеп отырған анасы Нұргүл Үсеноваға алғысын жеткізді.
Еске сала кетейік, наурыз айының 28-жұлдызында бауырлас Әзербайжан елінде өткен өнер додасында Жанерке эстрада жұлдызы Жанар Дұғалованың репертуарындағы «Ізін көрем» атты өлеңін шырқап, дүйім жұртты таң қалдырған болатын.