Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі

Сырдария аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастырумен "Сыбайлас жемқорлықпен күрес – жарқын болашақ кепілі" атты іс-шара өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бас маманы Жанар Қозбағарова, мұғалімдер мен түрлі сала мамандары қатысты.


Ең алдымен көрерменге тақырыптық пролог ұсынылды. Тақырыпқа сай безендірілген сахна, аудан өнерпаздарының сыбайлас жемқорлықтың түбі жақсылыққа апармайтынын түсіндіруге бағытталған қойылымы көрерменнің жүрегін дір еткізбей қоймағаны анық. Көрініс мазмұны бойынша ақшаның буына масайған бай баласының әкесінің арқасында дәрігер болып, ауыр ота кезінде білместікпен адам тағдырына қауіп төндіруі көрсетіледі. Және университетті қызыл дипломмен бітірсе де, кіші буын қызметкері болып қызмет атқарып жүрген кейіпкер әлгі науқастың өмірін құтқарып, дәрігер болуымен жалғасады. Ал сыбайластыққа жол беру арқылы кісі өмірін құрта жаздаған басты кейіпкер ақшамен ар-ұятты, адам өмірін сатып ала алмайтынын түсінеді. Көпшілікке ой салу мақсатында ойластырылған көрініс басты кейіпкердің ойлы сөздерімен қорытындыланады.
09 ақпан 2024 ж. 294 0