«Рух» әдеби байқауының лауреаттары анықталды
Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған І «Рух» халықаралық онлайн-әдеби конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конкурс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау мен қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнатуды көздейді.
Конкурс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау мен қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнатуды көздейді.
Тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау 8 номинация бойынша жүргізілді және оған Қазақстан мен көптеген шетелден қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі алуан түрлі жанрдағы 1000-нан астам туынды келіп түскен және оның 899-ы байқау талаптарына сай келіп, «Әдебиет» порталына жарияланған. Байқаудың «Проза: роман, повесть» номинациясы бойынша 1 орын дипломын, арнайы кәдесый және 1 миллион теңге сыйақыны «Жылқы атылған жаз» романы үшін Ырысбек Дәбей иеленсе, Бас жүлде мен 2 миллион теңге ақшалай қаражат «Рухтар жерден кетеді» романы үшін Тынымбай Нұрмағамбетовке берілді.
«Проза: әңгіме, эссе» номинациясындағы 1 орынды «Дайағашшы» эссесі үшін Ұларбек Нұрғалым, Бас жүлдені - «Тағдыр» әңгімесінің авторы Несіпбек Дәутайұлы жеңіп алды. «Поэзия: поэма» номинациясындағы 1 орын «Жаңғыру жыры» поэмасы үшін Несіпбек Айтұлына, Гран-при - «Рух жыры» туындысы үшін Бақыт Беделханұлына табыс етілді. «Поэзия: топтама өлеңдер» санатында 1 орынға «Рубаи» өлеңдер топтамасы үшін татарстандық Рауза Хузахметова лайық деп танылды. Бас жүлде - «Құдайға қарайтындай қасқайып...» атты өлеңдер топтамасы үшін Ықылас Ожайұлына берілді. «Үздік драматургия» номинациясында 1 орынды «Мен, мен ешкім де емеспін» пьесасы үшін Ардақ Нұрғазы жеңіп алды. Бас жүлде - «Қазақша ашылып сайрау» пьесасы үшін Серік Асылбековке табысталды. «Үздік әдеби сын» 1 орын дипломымен «Маркестің қара қолғабы» мақаласы үшін жас сыншы Бекзат Смадияр марапатталды. Ал бас жүлде мен 2 миллион теңге сыйақы «Тұрақсыз әлемнің суреткері» үшін Амангелді Кеңшілікұлына бұйырды. «Поэзия (балаларға арналған өлеңдер)» бойынша 1 орынды «Балапаным, аузыңды аш» өлеңдер топтамасы үшін Құл-Керім Елемес иеленсе, «Қасиетті Қазақстан» топтамасының авторы Серікбол Хасан бас жүлдені жеңіп алды. Соңғы «Проза (балаларға арналған прозалық шығармалар)» санаты бойынша 1 орын мен 1 миллион теңге «Зов Солнца» шығармасы үшін алматылық Лилия Калаусқа, бас жүлде мен 2 миллион теңге сыйақы - «Құрбы қыздар құпиясы» роман-фэнтэзиі үшін Айсұлу Алмашқа берілді.

Пікір 2