Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Шағандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды

Шағандық өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылында өткізілген «Туған жерім – тірегім, мақтанышым» тақырыбындағы ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады. Іс-шараға ауылдың еңбек ардагерлері мен тұрғындары қатысты.

Концерттік бағдарлама барысында өнерлерімен елге танылған шағандық дарынды тұлғалар туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов, ақын, сазгер Оңғарбай Сағындықов, ақын Әбу Досболов, ақын ұстаз Шегебай Бәшенов, сазгер Өмірбек Сарыбаев, композитор Сәкен Шынымов және басқа да өнерлі адамдар қасиетті елді мекенде туған. Осындай дарын иелерінің ізін жалғастырушылар бүгінде өнер өлкесінде дарынымен танылуда.

Ауыл көркемөнерпаздары әннен шашу шашып, күмбірлете күй төгіп, тұрғындардың қошеметіне бөленді.
23 тамыз 2023 ж. 448 0