Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі мәдени іс-шараға қатысты

Аудан әкімі мәдени іс-шараға қатысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Аманкелді ауылының құрылғанына 95 жыл толуына арналған «Менің сүйікті ауылым» атты мобилографтар байқауы жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасына қатысты.

Аманкелді ауылы халық ақыны Қуаныш Баймағанбетов, айтыскер ақын, жырау Рахмет Мәзқожаев, бүкілодақтық байқаудың лауреаты Мәден Иманжаппаров сынды есімі елге мәлім тау тұлғаларымен мақтанады. Ғасырға жуық уақытта ауылдан көптеген таланттар түлеп ұшты. Бүгінде ауыл гүлденіп, көркейіп келеді.

Іс-шарада Аманкелді ауылының құрылғанына 95 жыл толуына орай арнайы түсірілген Жомарт Ахметовтың әні мен сөзіне жазылған «Аманкелді – ауылым» бейнебаяны көрсетілді. Мұнан соң байқау жеңімпаздары марапатталды.

Байқау концерттік бағдарламаға ұласып, ауылдың жас өнерпаздары әннен шашу шашып, күй күмбірлетті.
04 тамыз 2023 ж. 246 0