Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Ән-жырым саған, туған жер

Ән-жырым саған, туған жер


Өткен аптада Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Сырдария ауда­нының 90 жылдық айтулы мерейтой­ларына тарту ретінде Шіркейлі, Ің­кәрдария, Қоғалыкөл, Аманкелді ауылдары концерттік бағдарлама ұсын­ды. Мерекелік ән шашуда аудан көркем­өнерпаздары халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алдымен, 24 шілде күні шіркейлілік өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Ауылдың талантты жандары мерекелік әндерді шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Одан кейін 26 шілдеде 50 жылдан аса тарихы бар Іңкәрдария ауылының көркемөнерпаздары тұрғын­дарды ән-жырмен сусындатты. Ал келесі күні қоғалыкөлдіктер мерейтойға әуелеген әуендерін ала келсе, апта ағымындағы концертті аманкелділіктер тәмамдады. Сенбі кешінде Аманкелді ауылының әншілері мен бишілері ерекше көңіл-күй сыйлады. Жалпы, концерттік бағдарламаларда өнерпаздар халық әндерін, көпшілікке танымал әуендерді, Астана, Қызылорда, Сырдария өлке­ле­ріне арналған патриоттық әндерді шырқап, Орталық алаңды күмбірлеген күйге, жайдары жырға бөледі.

«ТТ»-ақпарат
31 шілде 2018 ж. 1 768 0