Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Сырдария аудандық сотында сотталушы А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы А. 2026 жылдың тамыз айының 21 сағат 03:30 шамасында тұрғылықты мекен-жайында жолдасы Б. екеуінің арасында отбасылық жан-жал туындап, сөйлеген сөздерін көтере алмай  жәбірленуші Б.-ны ұрып соғып, мұрын сүйегінің ығысусыз сынығы, мұрын қырының қанталап, сыдырылу, сол және оң көзінің төменгі қабағы астының қанталағаны, оң жақ жетінші қабырғаның ығысуынсыз сынуы түрінде дене жарақатарын салып, яғни оның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтірген.

Басты сот талқылауында  жәбірленуші Б. жұбайы А. екеуінің арасында отбасылық жан-жал туындап, өзіне орта дәрежелі дене жарақатын салғанын, осы кезге дейін емделіп жатырғанын, өзіне тән және жан азабын келтіргенін, 5 000 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұрайтынын көрсетті.

Сотта сотталушы А. кінәсін толығымен мойындайтынын және жәбірленуші Б.-ның 5 000 000 тенге моральдық зиян өндіру талабымен келіспейтінін, ондай қаражаты жоқ екенін көрсетті.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауабымен, сараптама қортындысымен және басқа да сотта зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалды.
Азаматтық талап қоюшы Б.-ның азаматтық талап қоюының моральдық зиянды өтеу бөлігі ішінара қанағаттандырылып жауапкер А.-дан 500 000 теңге моральдық зиянның өтемі өндірілді.

Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Сырдария аудандық соты
28 қазан 2026 ж. 68 0