Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Аудандағы рухани басқосу

Аудандағы рухани басқосу

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Рухани мұра – ізгілік әдебі» атты кездесу кеші өтті. Ұлттық құндылық пен руханиятымызды дамыту мақсатында өткен іс-шараны Ә.Тәжібаев атындағы облыс­тық әмбебап ғылы­ми кітап­ханасы ұйым­дас­тырды.

Өңірден түлеп ұшқан азаматтардың өз туған жерін, ауданын, ауылын қол­дау мақсатындағы «Елге сәлем» жобасы аясында қолға алынған кештің басты кейіпкерлері Қазақстан Журналис­тер және Халықаралық Жазушы­лар­ одағының мүшесі, өлкетанушы Әбубәкір Жұмабай және ақын, Қазақ­стан Жазу­шылар және Журналистер ода­ғы­ның мүшесі, аудандық мәслихат де­­пу­таты, «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы бол­­­­ды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің мә­жі­ліс залына кірер тұста «Жүрекке жыр мен сыр тұндырған туған ел» та­қырыбындағы көрме келген қонақ­тар­дың назарын аударды. Ал айтыскер ақын ретінде танылып келе жатқан Мұхамеджан Мансұров құрметті қонақ­тарды қасиетті қара домбырамен, аға­ларына арнаған арнауымен қарсы алды. Жырсүйер қауымның көңілінен шығып, ақын-жазушылар мен оқырман арасын жақындата түскен игі іс-ша­раны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңісбек Төрәлиев ашып, келген меймандарға жы­лы лебізін білдірді.

– Қазақ жұрты – ежелден ақында­рын құрмет тұтып, жазушыларын қас­тер­­леген арда халық. Сыр өңірі – сөз зергері ақын-жырау мен би-шешен­дерден қалған асыл мұраны көздің қа­рашығындай сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті өлке. Таланттарды ардақтап, құрмет тұтып айтулы мереке қарсаңында рухани басқосу ұйымдастырып отырған Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әм­бе­­бап кітапхана ұжымына алғыс біл­діреміз, – деді Жеңісбек Үсенұлы.

Айтулы кешке Тереңөзек топы­ра­ғынан нәр алған ақындар Мамыр Байдәулетов, аға буын өкілдері Мұса Келдібаев, Мектепхан Елеусінов, Ұлме­кен Жанәлиева, Зайдағали Жүсіп­бай­ұлы, мектеп ұстаздары мен шығар­машыл оқушылар қатысты. Кездесу кешінде «Жыр жауһар» клубының мү­шелері жергілікті ақындардың өлең­­дерін жатқа әрі мәнерлеп оқып, кө­рермен көзайымына айнала білді. Келген қонақтар кештің құрметті меймандары туралы ізгі пікірлерімен бө­­лісіп, өз ойларын ортаға салды. Ал «Жыр дәптері» деп аталатын бөлімде ақын А.Ибрагимұлы сиясы кеппеген жырларын оқып берді. Одан соң қа­тысушылар мен кеш қонақтары өза­ра пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жа­уап берілді.

Сырдария аудандық ардагерлер ке­­ңесінің төрағасы М.Келдібаев жиын со­ңында ақ батасын беріп, шығар­ма­шы­­лық адамдарына шырқау шабыт, ел-халыққа амандық пен саулық тіледі.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
23 қазан 2022 ж. 377 0