Шаруашылық тарапынан демеушілік көрсетілді

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында аталған жоба №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепте өтіп, мектеп оқушылары Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» және Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» шығармалары бойынша эссе жазып, сұрақтарға жауап берді.
Жобаны ұйымдастырушылар мектеп оқушыларының шығарманы толық оқып, одан түйгендерін ашық жеткізе білгенін айтты. Тіпті, олардың арасында шығармаларды конспектілегендер де бар екенін жеткізіп, оқушылардың кітап оқуға ынтасы жоғары екенін атады. Және де жобаға қатысушы 5-7 және 8-10 сынып оқушылары арасынан үздіктерді анықтап, арнайы диплом және велосипед, смарт сағат, шахмат және жарық беретін лампа секілді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ, мектеп директоры Айнұр Әлиева оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру мақсатындағы жобаны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Және де «Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы А.Құлбаев мектепке әркез қолдау білдіретінін, аталған жобамен қатар бірқатар мектеп оқушыларының тынығу лагерінде демалуына жолдамаға демеушілік жасағанын айтып, ризашылығын білдірді.