Еңбегімен еленген ардақты ұстаздар

Аудан әкімі мерейлі мереке қарсаңында ардагер ұстаздарға сый-сияпат көрсетіп, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді.
– Бар ғұмырыңызды білім саласының дамуына арнап, өлшеусіз үлес қостыңыздар, шәкірт тәрбиелеп, құрметке бөлендіңіздер. Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын және дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін,– деп аудан әкімі ыстық ықыласын жеткізді.

