Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » “Жалын” жастар сыйлығы табысталды

“Жалын” жастар сыйлығы табысталды

Аманкелді ауылында «Тәуелсіз елдің болашағы – жалынды жастар» атты ауыл жастарының қорытынды кеші ұйымдастырылды.

2021 жылды Аманкелді ауылдық округі бойынша жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындыладық. Атқарылған жұмыстар аз емес.

Ең бірінші ауыл әкімі Мейрамбек Қылышбекұлы ауыл жастарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қорытынды шара барысында ауыл жастары "Мәңгілік ел" көрінісін қойып, жас жайдарманшылар жастарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем ән айтты.

Мұнан соң салада табанды жауапкершілікпен еңбек етіп жатқан бірқатар ауыл жастарына облыстық. аудандық жастар ресурстық орталығының алғыс хаттары мен ауыл әкімінің “Жалын” жастар сыйлығы табысталды.

Шараны ауыл тумасы Ахметов Жомарт сөзі мен әнін өзі жазған "Аманкелді жастары" әнімен қорытындылады.

30 желтоқсан 2021 ж. 860 0