Айтыс ақындарының халықаралық одағы Қызылорда облыстық филиалы ашылды

Шараға айтыс ақындары мен жас шәкірттері қатысты.
Айта кету керек, қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында университетте «Алтын домбыра» орталығы жұмыс істейді.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Одақ филиалының студенттер сарайында орналасуы жас ақындардың шыңдала түсуіне үлкен мүмкіндік болмақ.