Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Республикалық жас ақындар айтысы өтеді

Республикалық жас ақындар айтысы өтеді

29 қазан күні Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтеді.

Шараның басты мақсаты - қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу.

Айтысқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Павлодар педагогикалық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Астана» медициналық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан жас ақындар қатысады.

Аламан айтысқа қатысушыларға қолдау білдіріп, өнер бәйгесін тамашалауға шақырамыз!

28 қазан 2021 ж. 153 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам