Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

№92 газет

21 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Алтын домбыра» VII республикалық ақындар айтысы өтеді

«Алтын домбыра» VII республикалық ақындар айтысы өтеді

Астанада «Алтын домбыра» 7-інші республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігіне сілтеме жасап.  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған биылғы айтыс «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбымен өтеді.

  «Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған қатарлы азулы ақындар қатысады», - делінген қоғамдық бірлестік ақпаратында. Жүргізуші -  «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман. Айтыс 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан орталық концерт» залында өтеді. Екі күнде де басталу уақыты сағат 15:00-де.  

02 желтоқсан 2018 ж. 1 222 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам