Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақтың бұлбұл қызы

Қазақтың бұлбұл қызы

Қазақтың күміс көмей әншісі Роза Бағланова­ның туғанына 100 жыл толуына орай республика көлемінде мәдени-танымдық іс-шаралар кеңінен өткізілуде. Осыған орай Ақжарма ауылдық мәде­ниет үйінде «Ән қанатында» тақырыбына аудандық байқау ұйымдастырылды. Байқауға ауданға қарасты елді мекендерден кел­ген бірнеше талапкер қатысты.

Аудандық бай­қау ережесіне сәй­кес, қаты­су­­­шылар Роза Бағланованың әндерін шыр­қады. Әрбір әншіге музыканың техникасын бұз­бау, жо­ғары деңгейде орындау талабы қойыл­ды.

Іс-шара барысында жиналған көпшілікке Қазақстанның халық әртісінің ғұмырнамасы таныстырылды. Әлемді мойын­датқан қайраткер жөнінде мол мағлұмат берілді. Сыр то­пырағынан түлеп ұшқан дарынды өнер иесінің музыкалық шығар­малары, тың еңбекбегі насихатталды.

– Роза Тәжібайқызының әндері күллі қазақ­тың жүре­гінен жол тапқан. Өткен ғасырда ән өнерінің жарық жұлдызына айналған аяулы жан­ның есімі қай кезде де ардақталады. «Еңбек Қызыл Ту», «Ленин», «Ха­лық­тар достығы» ор­­дені мен «Шапағат» медалінің ие­гері Роза Бағланова көзі тірі­сінде бірнеше ұлттың ән­дерін нақышына келтіріп орын­даған. Айта кетейік ауылымыздағы мәдениет үйі осыдан 42 жыл бұрын ашылған кезде Роза Бағланова арнайы келіп, ән шырқаған болатын. Осындай біртуар әншіге арналған байқауда талап­кер­лердің өне­рін кәсіби мамандар жоғары бағалады. Мұн­дай ізгілікті іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады, – деді Ақжарма ауылдық мәдениет үйінің директоры Айтмағанбет Темірханов.

Аудандық байқаудың қоры­тындысында жүл­­де­лі бірінші орынды нағилық Шолпан Жүсіпова, екінші орын­­ды Жұлдыз Оңалбаева, үшінші орынды Темірбек Кал­кузов иеленді. Жеңімпаз бен жүлдегелерге диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды.



Балтабай Аябекұлы
16 шілде 2022 ж. 578 0