Суретшілер сайысы

Сурет салу сайысын «Балдырған» күндізгі тынығу лагерінің аға тәлімгері Құралай Маханалиева мен бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Қазына Ахметова ұйымдастырды. Ұстаз балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйретуді мақсат етіпті.
– Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «2022 жыл – Балалар жылы» деп жарияланды. Соған сәйкес ауылымызда өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бөлінуде. Мектеп-лицей жанынан құрылған «Балдырған» күндізгі тынығу лагері үш ауысымдық кезеңде жұмыс істеп, тәлімгерлер оқушылардың білімдерін шыңдап, шығармашылықтарын дамытты. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп» атты сурет салу сайысы да жоғары деңгейде қорытындыланды, – дейді Қазына Ахметова.
Аталған байқаудың қорытындысында жүлделі І орынды Айару Қайраддин иеленді. Ал ІІ орынды Айдос Тыныштықбай жеңіп алса, ІІІ орынмен Нұрхан Қосқан марапатталды. Суретші балаларға «Алғыс хат» пен естелік сыйлықтар табысталды.
«ТТ» ақпарат