Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды

Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды

Аудандық орталықтандырылған кітапха­на­лар жүйесіне қарасты №1 филиал кі­тап­ханасының ұйымдастыруымен Тәжік-ау­ған соғысының аяқталуына 27 жыл толуына орай «Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды» ат­ты тарихи-танымдық кеш өткізілді. Іс-ша­раға Тәжік-ауған соғысына қатысушылар С.Бер­шінбай, Б.Рахмет және аудандық Жас­тар ресурстық орталығының мамандары, аудан ардагерлері, кітапхананың тұрақты оқыр­мандары мен мәдениет саласының қыз­мет­кер­лері қатысты.

Танымдық кешке  жиналған көпшілік ерлікпен  қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Өз кезегінде ауған-тәжік соғысына қатысушы азаматтар өз басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Кеудесін оққа тосып, өздерін бейбіт күннің құрбаны қылған жауынгерлердің ерен ерліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу аманат екенін айтты.

– Мен 1995 жылы әскер қатарына қабылдандым. 1997 жылы қаңтар айында үш ай шекарада болдық.Барлығы қиын болды. Ауылға барғаннан кейін барлық қиыншылықты ұмытыпта кеттік. Әскери міндетті орындау  ер үшін абыройлы парыз, – деді Сайран Бершінбай.

Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары  Дархан Разақов пен Ерхан Қалуадинов, жас өнерпаздар Ислам Аманжолов мен Асанәлі Төребеков ән шырқаса, әуез мектебінің оқушысы Сезім Әмірханқызы қобыз аспабымен "Бір бала" әнін орындады.

Айта кетейік, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев ауған-тәжік соғысында қаза тапқан жерлестерін алып, өз ойын ортаға салды.




Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА
13 маусым 2022 ж. 432 0