Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Жазушы мұрасы ұлықталды

Жазушы мұрасы ұлықталды

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Әбдіжәміл Нұрпейісов: өмір сыры мен шығармашылығы» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Алқалы жиын Халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сый­лығының лауреаты, Қазақстан­­ның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұр­пейі­совті еске алуға арналды. Іс-шара барысында отбасы мүше­лері мен замандас қаламгер­лері автор шығармашылығы­ның қыр-сыры, аудармашылық қызметі, эпистолярлық мұрасы, аудармалары, зерттеулері жайында естеліктер айтты.

Конференцияда Қазақстан халқы Ассамблеясының Дос­тық елшісі Малғожата Туар (Фран­ция), «Altyn Qyran Foun­dation» ҚҚ қамқоршылық кеңе­­сінің мүшесі Әлібек Алденей, Әбді­жәміл Нұрпейісовтің келіні – Әйгерім Нұрпейісова, проза­шы, аудармашы Анатолий Ким (Ресей), жазушы, филология ғы­лымдарының докторы Уәлихан Қалижан, Ереван мемлекет­тік университетінің түркология ка­фед­расының меңгерушісі, профессор Александр Сафарян, т.б. әдебиетші-ғалымдар баянда­­ма жасап, жазушы мұралары­ның зерт­телу барысына тоқ­тал­ды. Ал Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар инс­титуты, Мәскеу қа­лалық пе­дагогикалық уни­верситетінің Шет тілдер инсти­туты, Ресей Аудар­машылар ода­ғының Крас­ноярск аймақтық фи­лиа­лының өкілдері (SPR), Сібір федерал­ды университетінің про­фес­сор­лық-оқытушылар құрамы (Крас­ноярск) конференцияға онлайн режімде қатысты.
03 мамыр 2022 ж. 575 0