Құрмет төріндегі жазушы

– Сіз халқымызға керексіз. Сондықтан Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әбдіжәміл Нұрпейісов Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолындағы жұмысына жеміс тіледі.
Айта кетейік, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті қаламгер, суреткер-жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов биыл 95 жасқа толды. Ұлт әдебиетінің абызы атанған жазушы «Қан мен тер» атты дәуірнамалық трилогия жазып, отанымыздың ғасырлық тарихын суреттеп берді. Оған қоса «Курляндия» («Күткен күн»), «Соңғы парыз», «Сең» романдары арқылы қаламгер әлем әдебиетінің көрнекті өкілдерінің санатына қосылды.
Бұдан бөлек Қазақстан және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Ә.Нұрпейісов «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» номинациясында «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері атанды.
«ТТ» ақпарат