ҚАЗЫНАЛЫ КІТАП – РУХАНИ БАЙЛЫҚ
Жер бетінде күнделікті тіршілік ететін адамзат баласының ақылшысы кітапта ізгілік нұры тұнып тұрғандай. Сан алуан өмір дағдысы қалам ұшында үйіріліп, кейіпкер ғұмыры мен болмысы сөз құдіретіне бағынып тұрады. Оқырман ойынан шығу қаламгер шеберлігіне байланысты. Бүгінде соқпақты жолдың тағылымды шежіресін өткеннің еншісіне қалдырмай келешекке аманат ету қазыналы кітаптың алар орны ерекше.
Ақылы толысқан азаматтың алғашқы ұстазы сәби күнінен қолынан түспейтін кітабы екені рас. Кез келген жанның рухани азығы суреткер таңбалаған сөздер желісінен табылады. Көше бойынан кейде зер сала қалсаңыз том-том кітапты құшақтаған оқырман қауымды жолықтырасыз. Бұлардың қатарында тек ортаңғы буынмен егде тартқан қарияны кезіктересіз. Атадан алған тәлімнің нақ үлгісін көрсеткен олардың көрегенділігі көпке үлгі. Өркениет көшіне ілесіп, сөз төркінің ұғына алған жанның уақыты да зая кетпейді.
«Кітап – адамзат ақыл ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады», – деп М.Айбек айтқандай әрбір адамның жүріп өткен жолы өмір парақтарына өрнектеліп жазылып жатқан шежірелі тарих. Тарихтың керемет сәттері қиын-қыстау күндерін тудыратын адам баласы көз ашқалы кітап нәрімен сусындап, саналы қаркет етуде. Сондықтанда кітап адамның сенімді серігіне айналған тұста ешбір жолдан адаспайды. Қайта өзіндік пікірі қалыптасып, көрегенділігімен дараланады. Айтар ойы ашықталады.
Жалпы сәуір айының жиырма үші күні жыл сайын «Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық» ретінде атылып өтіледі. Бұл мереке ЮНЕСКО-ның шешімімен 1995 жылдан бастап тойланып келеді. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымының ұйымдастыруымен «Кітап – адамзат баласы үшін өмірлік шамшырақ» тақырыбында мерекелік библиошар алаңы өткізілді. Оған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төралиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі Б.Ахметов, «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жаналиева, аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Жантүгілов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен сала мамандары қатысты.
Шара шымылдығы жергілікті ақын М.Сақтаповтың «Кітапханаға арнау» өлеңімен ашылып, тағылымды кешке ұласты. Кеш қонақтары сөз алып, қазыналы мұраны сақтап қалу жолындағы кітапханашы әрбір маманның еңбегін тілге тиек етті. Бар байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу қастерлі міндет екенін атап өтті. Өз кезегінде «Ұлылар ұлағаты» атты алаңқайы таныстырылып, «Кітап ханшайымы» рухани әлеміне сапар шегуді ұсынды. Сан түрлі тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды. «Өлке болып оқимыз» жобасы аясында «Әдеби – лото» ойыны жүзеге асып, оқырман қауымға қызықты сауал жолданып, ұтымды жауап алынды. Кітапхананың тұрақты оқырманы мен әрбір қонаққа сый ретінде кітап тарту етілді.
***
Аталған мереке күнінде аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап – сенің досын, серігің әрі ақылшың» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, кент орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары қатыстырылды.
Оқушының кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттырып, кітапты күтіп, оны таза, ұқыпты ұстауға үйрету парыз. Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, кітаптың пайдасы туралы айтудың маңызы зор. Шараны ашқан кітапханашы Ж.Оразымбетова кітап қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі деп атап өтті. Мектеп оқушылары «Алтын сандық» танымдық ойыны барысында қазақ ертегілерінен викториналық сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Қ.Мұңайтпасова Д.Ниязованың «Кітап», А.Амангельдиева, Б.Жарылқасынның «Кітап сенің басыңдағы білімің», Н.Орынбасарова Таңат Айарудың «Кітап сенің қазынаң» өлеңдерін жатқа оқыды. Өз кезегінде Е.Мейрамбек «Қазақпенен бар әлем дос болуды қалайды» әнін орындаса, Б.Бакишев баян аспабымен Альбер Фоссен Абрэудің «Тико-Тико» шығармасын Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін орындап, көпшілік көңілінен шықты.
Шара соңында кітапхана ұжымының басшысы Г.Нұржакиева сөз сөйлеп, келген белсенді оқушыларды марапаттады. Сондай-ақ, кітапханашы Г.Асан «Кітап – сарқылмас қазына» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырып, биболиографиялық шолу жасады.

Б.ОРДАБЕКОВ