Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » ЖЕТІКӨЛДІҢ ТАРТУЫ

ЖЕТІКӨЛДІҢ ТАРТУЫ



Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қа­ласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және ауданның 90 жылдығына орай орталық алаңда Жетікөл ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Ел іші – өнер кеніші» атты концерттік бағдарламасы көрсетілді.
Мерейлі мерекелерге орай ұйымдастырылған із­гі шараны ауыл әкімі Ж.Қожахметов пен ауылдық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Камалов ашып, ма­ңызды құжаттың мән-маңызына тоқталып, тұрғын­дарды әсем ән, тәтті күймен сусындауға шақырды. Сахна төрінде туған жер, Отанға арналғын патриоттық әндер шырқалды. Осы тақырыпқа көркемсөз оқылып, күмбірлеген күйлер төгілді. Облыстық, республикалық байқау жеңімпаздары айтулы термеші Алмат Өтеуов пен күміс көмей әнші Ерлан Білмановтың термелері мен әсем әндері көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Концерттік бағдарлама осынысымен құнды болды.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
06 тамыз 2018 ж. 1 292 0