Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » АРМАН ҚАЛА – АСТАНА

АРМАН ҚАЛА – АСТАНА


Жақында «Жетікөл ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық  қазыналық  кәсіпорынныңұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған  жер» кіші бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының  200 жылдығы және ауданға торқалы 90 жыл толуына орай «Арман қала – Астана» атты көркем сөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Ауылдық клубтың мәдени ұйымдастырушысы, көркемсөз үйірмесінің жетекшісі Қ.Бажиева және ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Камалов төрелік еткен шара екі кезеңнен тұрды. Оған 8-15 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен үйірме өнерпаздары қатысты.Әділ қазыларөнер көрсеткен өнерпаздардың сахна мәдениетіне, өлеңді жатқа, мәнерлеп оқуына қарай бағалап, әділ бағаларын берді. Топтан суырылып екі жеңімпаздан шыққан шара қорытындысы  бойынша бірінші орынды Ж.Әбдімаликова мен Ж.Нақыпбек иеленсе, екінші орыннан М.Мұратқызы мен А.Маханбетжан көрінді, ал үшінші орынды А.Әбдімаликова мен Ұ.Тұрсынәлі қанжығаларына байлады. Байқауға қатысушы өнерпаздарға арнайы «Диплом» мен естелік сыйлықтар табысталды.  
Айдана МАРАТҚЫЗЫ
04 шілде 2018 ж. 1 488 0