Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Сырдария» квартеті – үздіктердің үздігі

«Сырдария» квартеті – үздіктердің үздігі

Сыр мәдениеті­­нің өр­­­­­кен­деуі­не зор үлес қо­сып келе жатқан талантты азаматтар баршылық. Үл­кен сахнада жұлдыздай жар­қыраған бұл жігіттер аға буын өкіл­дерінің төл ізбасары саналады. Өз тыңдарманын қалыптас­тырған «Сыр­дария» квар­теті ел кө­лемінде жан-жақ­ты та­нылып келеді. Жақында сыр­­дариялық жі­­гіт­тер Ала­­­­­­тау бөктеріне са­парлап келген болатын. Са­пар барысында квартет мү­шелері толағай та­бысқа қол жеткізді.

Алматы қаласында ұлық мереке аясында өткізілген «Zhuldyz Tv» және «MuzLife» ар­на­ларының «Әз Наурыз» атты телевизиялық кон­цертіне «Сырдария» квартеті қатысып, аудан мерейін асырды. Телевизиялық жобаға арнайы шақырту алған аудан өнерпаздары «Уа, дариға» әнінің тұсауын кесіп, «Үздік квартет» номинациясын иеленді.

– Негізінен, «Сырдария» квартеті осыдан 9 жыл бұрын құрылды. Алғаш рет «8 наурыз – Ха­лық­аралық әйелдер күні» мерекесінде өнер көр­сеткен едік. Квартет құрамында талантты әншілер Дархан Разақов, Дастан Палмахов, Нұрбол Тұранов өнер көрсетеді. Қазіргі таңда жеке топ орындауында 10-нан аса авторлық ән бар. Сонымен бірге халық әндерін, патриоттық шығармаларды орындауды мақсат тұтамыз. Әрине, Алматы сапары бізге тың серпіліс сыйлады. Сапар барысында «Үздік квартет» номинациясын жеңіп алғанымызға қуаныштымыз. «Almaty tv» телеарнасындағы «Таңғы студия» бағ­дарламасында қонақта болып, «Сырдария» квартетінің 10 жылдық мерейтойын атап өту жоспарымен бөлістік. Қазақ радиосында да тікелей толқынға қосылып, қызықты сұхбат жүргіздік. Тыңдармандардың сауалына жауап беріп, әннен шашу шаштық, – дейді «Сырдария» квартетінің мүшесі Азиз Садықов.

Бүгінде квартетті Сыр жыртшылығы жақсы таниды. Аудандағы әрбір мерекеде квартет жігіттері тыңдарман көзайымына айналып ке­леді.
Үздіктердің үздігі атанған өнер иелерінің зор жетістігі аудан мерейін үстем етті. Сон­дықтан шығармашылық ұжымға ал­да­ғы уа­қытта да толағай табыс тілейміз!

Балтабай ОРДАБЕКОВ
02 сәуір 2022 ж. 508 0