Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке табыс салығына 2026 жылдан бастап енгізілген өзгерістер

Жеке табыс салығына 2026 жылдан бастап енгізілген өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның жаңа Салық кодексі күшіне енді. Бұл кодекс жеке тұлғалардың салық салу жүйесіне, салықтарды төлеу ережелеріне және берешектерді өндіріп алу шараларына ауқымды өзгерістер әкелді.

Ең маңызды жаңалықтардың бірі- жеке табыс салығында прогрессивті салық шкаласының енгізілуі.

Жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 8500 (шамамен 33,4 млн тг.) есесіне дейінгі жеке тұлғалар 10% мөлшерлемемен салық төлейді, ал одан асқан табыстарға 15% мөлшерлеме қолданылады. Бұл өзгеріс салық әділдігін арттыруға және төмен табысты азаматтарға түсетін салықтық жүктемені азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, салық шегерімдері қайта қаралды: стандартты салықтан босатылатын ай сайын 14 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды, бұл айына 140 мың теңгеге дейін жалақы алатын қызметкелерді жеке табыс салығынан толық босатады.

Әлеуметтік осал топтарға, атап айтқанда, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 5000 еселенген АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Жанар ҚОШҚАРБАЕВА, 
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы,
Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің
бас маманы 
Сурет: Depositphotos.com
30 қыркүйек 2026 ж. 37 0