"СЫРДАРИЯ" КВАРТЕТІ ЖҰЛДЫЗДАР ФЕСТИВАЛІНІҢ ТҮСІРІЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Шарада квартет мүшелері «Қазақ елі» әнін орындап, «Ең таңдаулы ән» номинациясымен марапатталды.
Түсірілім жұмыстарынан кейін «Сырдария» квартеті "Қазақстан" ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ақпараттық – сазды бағдарламасында қонақта болып, барша қазақстандықтарға ән-шашуын жолдады.
Айта кету керек, аудан әкімінің қолдауымен бұған дейін "Сырдария" квартетінің белді мүшелері А.Садықов пен Н.Тұранов Тереңөзек кентінде жеке шығармашылық концерттерін өткізген болатын.