Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Облыстық байқау өткізіледі

Облыстық байқау өткізіледі

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында  «Қылқалам бейнелеген қазақылық» тақырыбында
облыстық онлайн сурет салу байқауының ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қылқалам бейнелеген қазақылық» тақырыбында облыстық онлайн сурет салу байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізу тәртібін белгілейді;
2. Облыстық байқауды ұйымдастырушы – «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

ІІ. Байқауды өткізудің мақсаты мен міндеттері

Байқаудың мақсаты:
- қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу.
Байқаудың міндеттері:
- көнеріп, қолданыс аясы тарылған немесе ұмыт болған дәстүрлі, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау;
- өскелең ұрпақты өз ұлтының тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын білуге үйрету;
- балалар шығармашылығын дамытуға жәрдемдесу.

ІІІ. Қатысушылар

Байқауға білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары қатыса алады.

ІV. Өткізу тәртібі

1. Байқаудың басталуы туралы хабарландыру алдын ала «Рухани жаңғыру» орталығының әлеуметтік желідегі парақшаларында, www.syr-jurty.kz сайтында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
2. Қатысушылардың жұмыстары 2022 жылдың 21-28 қаңтары күндері аралығында қабылданады.
3. Үздік деп танылған туындылар 2022 жылғы 1 ақпанда Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы жұртшылық назарына ұсынылатын болады.

V. Байқауды өткізу шарттары

1.Қатысушы салт-дәстүрге байланысты ұлттық бейнелерді салуы шарт (тақырыбын жазу міндетті).
Оның ішінде таңдауға ұсынылады:
- ұлттық киімдер;
- ұлттық тағамдар;
- ұлттық аспаптар;
2. Қойылатын талаптар:
2.1. Суреттер ата-ананың, мұғалімдердің көмегінсіз орындалуы керек;
2.2. Суреттер кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.) және кез келген сурет салу техникасында (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) орындала береді.
2.3. Қатысушылар өтінім білдіруі тиіс. Өтінімде: қатысушының аты-жөні, жұмыстың тақырыбы, қала немесе ауданы, оқу орны, сыныбы, байланыс телефоны, электронды адресі көрсетілуі қажет.
3. Бағалау критерийлері:
3.1.Жұмыстардың байқау тақырыбына сәйкестігі;
3.2.Шығармашылық көзқарасы;
3.3.Материалды ұсынудың эстетикалық мәдениеті.
4. Байқауды өткізу мерзімдері:
4.1. Қатысушы өз жұмысын жоғары сапада суретке түсіріп, JPEG форматында 2022 жылдың 28 қаңтар күні сағ.16:00-ге дейін salt-dastur22@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

VI. Қорытынды

«Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Рухани жаңғыру» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі байқаудың жеңімпаздарын Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапаттайды және үздік жұмыстардан әлеуметтік желіде көрме ұйымдастырады.

Байқау ұйымдастырушыларының байланыс деректері: Қызылорда қаласы, Сол жағалау 5 ғимараты, «Рухани жаңғыру» орталығы КММ.

Байланыс үшін:
Қаратайұлы Шәкизат - «Ұйымдастыру-жобалау» бөлімінің басшысы, тел.: +7 707 247 4735.

21 қаңтар 2022 ж. 933 0