Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » » «Сыр дарыны» байқауы жарияланды

«Сыр дарыны» байқауы жарияланды

Қызылордада Тәуелдіксіздіктің 30 жылғына орай «Сыр дарыны» жастар шығармашылық байқауы жарияланды. Байқаудың мақсаты – облыс жастарының шығармашылық қабілеттерін шыңдау және насихаттау болып табылады.

Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің шығармашылығын дәріптеу арқылы өнер мектептерінің мәртебесін арттыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникаицялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мұхтар Ниязов баяндады.

– Байқау облыстық ішкі саясат басқармасы, қала және аудан әкімдіктері, «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді. Іріктеу кезеңі 10-18 маусым аралығында қала және аудандарда өтіп, республикалық жас ақындар айтысымен түйінделеді. Байқау жазба ақындық өнер, айтыс, дәстүрлі ән және жыр-терме бағыттары бойынша өткізіледі.,-деді облыстық Жастар ресурстық орталығы КММ директорының орынбасары Мақсат Дауылбай.

Сонымен қатар, облыс бойынша іріктеуден өткен жеңімпаздарға сала мамандарының, танымал дәстүрлі өнер иелерінің танымдық семинарлары, мастер-класс оқытулары жүргізіледі. Барлық қатысушыларға арнайы диплом және алғыс хаттар табысталады. Ұйымдастырушылармен байланыс телефоны 30-01-21,е-mail: molodezh_kyz@mail.ru
09 маусым 2021 ж. 942 0