Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Газеттің байырғы редакторы Ізхан Досмағанбетов және талантты журналист Серік Әлімбетов атындағы шығармашылық байқау туралы ЕРЕЖЕ

Газеттің байырғы редакторы Ізхан Досмағанбетов және талантты журналист Серік Әлімбетов атындағы шығармашылық байқау туралы ЕРЕЖЕ


Жалпы ереже
1. Газеттің байырғы редакторы Ізхан Досма­ғанбетов және талантты журналист Серік Әлімбетов атындағы шығармашылық байқау аудандық деңгей­де ұйым­дас­ты­­рылады.
2. Байқаудың ұйымдастырушысы «Сыр медиа» ЖШС-не қарасты Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясы.
Байқаудың мақсаты
3. Аудандық басылымның 80 жылдық мерейтойын кең көлемде ақпараттандыру;
4. «Жастар жылы» аясында жас қаламгерлердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
Байқау төмендегі тақырыптар бойынша қа­был­данады
1. Рухани жаңғыру – ой-сананың кемелденуі;
2. Жастар – жарқын елдің келешегі.
Байқауды ұйымдастыру және оған қаты­сушыларға қойылатын талаптар
5. Байқауға материалдар 2019 жылғы 4 маусым мен 24 маусым аралығында қабылданады.
6. Байқауға 14 бен 29 жас аралығындағы аудан жас­тары қатыса алады. Ескерту: байқауға кәсіби журналистер қатыстырылмайды.
7. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы есепке алынады. Материал А4 форматтағы екі беттен аспауы тиіс.
8. Байқауға қатысушылар материалды Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газеті редакциясына (Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді Иманов көшесі №29, байланыс телефоны: 8 (72436) 21-5-73) мынадай құжаттарды қоса жібереді:
– автор туралы мағұлматтар /туған жері, күні, айы, жылы/;
– жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары.
9. Байқауға жіберілген материалдар авторға қай­тарылмайды.
10. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.
Байқауды өткізу және қорытындысын шы­ғару тәртібі
11. Байқау үш кезеңнен тұрады.
1) 2019 жылғы 4 маусымнан 24 маусымға дейін байқауға қатысушылардан материалдарды қабыл­дау.
2) 2019 жылғы 25-26 маусымда материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2019 жылғы маусым айының соңғы аптасы –байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рә­сімі.
12. Байқау жеңімпаздары дипломмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар алқасы
04 маусым 2019 ж. 2 839 0