Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ


Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» «Кескіндеме», «Станокті графика» пәндері бойынша Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
  Қорқыт Ата атындағы ҚМУ педагогикалық факультетінің «Кәсіптік оқыту» кафедрасынан 5В010700-«Бейнелеу өнері және сызу», 5В042100 «Дизайн» мамандығы бойынша ІІ-ІҮ курстардың студенттері қатысты: «Мүсін» номинациясына бойынша Мадияр Нұрлан, «Кескіндеме» номинациясы бойынша Искакова Гүлжайна, «Сәндік-қолданбалы өнер» бойынша Натиша Ақзер, «Графика» номинациясы бойынша Сагидуллаева Әсем, Газизова Айдана. Оларға жетекшілік еткен және дайындаған кафедраның аға оқытушысы, өнертану магистрі Назаров Ағабек Жеңісбекұлы. Олимпиада нәтижесі бойынша «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациясынан жүлделі ІІI орынға А.Натиша, «Мүсін» номинациясы бойынша ІІІ орынды Н.Мадияр иеленді, «Кескіндеме» номинациялары бойынша Г.Искакова, А.Газизова сертификатқа ие болды.
05 сәуір 2018 ж. 1 367 0