Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ән байқауында кім үздік шықты?

Ән байқауында кім үздік шықты?

Аманкелді ауылында өнерге, шығармашылыққа құштар мекеме қызметкерлері арасында патриоттық әндер байқауы өтті.

Аталған байқауға Аманкелді ауылдық округінің әкімдігі қолдау білдіріп, Аманкелді ауылдық мәдениет үйі ұйымдастырды.

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Тәуелсіздік. Тарих. Жетістік" атты байқау барысында талапкерлер Отан, Туған жер және Тәуелсіз Қазақстан туралы және екінші кезеңде еркін тақырыптағы әндерді шырқады.

Қазылар алқасының шешімі бойынша І-орынды ауылдық ветпункт маманы А.Төлеген иеленді.

Ал, жүлделі ІІ орынды №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей ағылшын пәнінің мұғалімі Н.Қайып еншіледі.

Сонымен қатар, ІІІ орын тұғырынан ауылдық округі әкімдігінен Г.Әлқожаева көрінді.

Байқау жеңімпаздары мен ауылдық мәдениет үйі, ауылдық әуез мектебі, ауылдық аурухана қызметкерлерінің барлығына арнайы Диплом және бағалы сыйлықтар берілді.

Марапаттау салтанатында сөз алған ауылдық мәдениет үйінің директоры Ж.Оразов байқауға қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық сәттіліктер тіледі.

15 қараша 2021 ж. 365 0