Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жыл қорытындысындағы нәтижелі жетістік

Жыл қорытындысындағы нәтижелі жетістік

Мәдениет ошағының жастарға үйретер тәлімі мен берер үлгісі ұшан теңіз. Мәдениетімізді өркендету жолында жасалған еңбек еленіп, қызметкерлерді ынталандыру құптарлық іс. Осы орайда Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2020 жылды қорытындылауға арналған іс-шарасы болып өтіп, мәдениет саласына еңбегі сіңген жандар марапатқа ие болды.

Атап айтар болсақ «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ Творчестволық Бірлес­тігінің «Ел ардақтысы» медалін Жантемір Айсаұлы, Сандыбай Сәдуақасұлы, Өмірбек Айтбайұлы иеленді. Іңкәрдария ауылдық клубының әдіскері Әйгерім Өміртайқызы «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық халық театрының белді мүшесі, актриса Гаухар Қожабергенқызы облыстық халық шығар­машылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе А.Құнан­байұлының 175 жылдығына орай ұйым­­дастырған «Абай әлемі» атты халық театр­ларының облыстық онлайн байқауының «Ең үздік Зере рөлі» номинациясымен марапатталды. Аудандық халық театрының белсенді мүшесі, жас актер Дәулет Ерланұлы  Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Алғыс хатын» иеленсе, талантты жас әнші, аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Жәкеш Динара мен Тереңөзек кенті клубының мәдени ұйымдастырушысы Ержан Жорабекұлы Қызылорда облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Алғыс хатын» иемденді. Одан бөлек Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  «Алғыс хаты» Ә.Қосымова, А.Те­мірханов,  Ә.Ибраева, Г.Жалғасова, А.Мұ­хамед­жанова, Г.Серікболқызы, С.Марат­қызына табысталды.


Бұл марапаттың баршасы мәдениет саласы мамандарының жыл бойы ақ адал еңбегінің жемісі. Елдегі пандемия жағдайына қарамастан мәдениет сала­сының қызметкерлері бірлесе отырып, аудан көлеміндегі іс-шараларды жоғарғы деңгейде өткізіп келеді. Осы қарқыннан таймай, ауданы­мыздың өнерлі азаматтары биік белестерден көрінеді деп сенеміз.

Жұлдызай АНШАЕВА
09 қаңтар 2021 ж. 474 0