Абай – дара, Абай – дана
Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты әдеби кеш өтті. Игі шараның бастауында кітапханашылар ұлы ақынның "Жасымда ғылым бар деп ескеркермедім" атты өліңін үш тілде мәнерлеп, жатқа оқыды.
Көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбек – ол Абай Құнанбаевтың қара сөздері. Кеште ақынның қара сөздері оқылып, "Көзімнің қарасы" атты әні орындалды. Жыл мезгілдеріне арналған лирикасына да кезек берілді.
Кеш соңында оған қатысушылар ұлы ақынға арнайы жасақталған көрмемен танысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев, зейнеткер Ә.Масилова, Nur Otan партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Б.Ахметов кештің мазмұнды өткендігін атап өтті.
Ш.БАЛТАБАЙЛЫ