Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Әлемнің екінші ұстазы

Әлемнің екінші ұстазы

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «дос­тық» үйінде орналасқан №1 филиал кітап­ханасының ұйымдастыруымен «ұлы даланың ұлы тұлғасы – Әбу Насыр әл-Фараби» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті. Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары, ҮЕҰ мүшелері, мектеп оқушылары қатысты.
Шара барысында әлемнің екін­ші ұстазы әл-Фарабидің өмір жолы, өлшеусіз еңбегі, ғылыми мол мұра­сы жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Кі­тапханашы Л.Серікбаева ға­лым­­ның шы­ғармашылығына тоқтал­ды. Өз кезегінде еңбек ардагері М.Елеу­сінов оқырмандарға әл-Фа­ра­­­бидың еңбектері күні бүгінге дейін өз құндылығын жоймағанын айтты. Әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары мен ел басқару жөнін­дегі  тұжырымдары қоғам үшін маңыз­ды екендігін жеткізді. Негізінен әл-Фараби 150-ге жуық пәлсапалық және ғылыми трактат жазған. Ежелгі Отырар қаласынан қанаттанған ол әлемнің бірнеше елін­де болып, білімін жетілдірді. 70-ке жу­ық тілді еркін меңгеріп, артынан өшпес мұра қалдырды.
Танымдық сағатта мектеп оқушы­лары «Әлемнің екінші ұстазына» ар­налған ақындардың өлеңдерін оқы­ды. Сонымен бірге ғұлама жөнінде түсірілген бейнеролик көрсетілді. Ал кітапханашы  «Әл Фараби – әлемнің екінші ұстазы атанған ғұлама» атты кітап көрмесін таныстырды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
08 ақпан 2020 ж. 1 604 0