Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі

Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі

16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күніне орай аудандық орталық кітапханада «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты үш бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, осы жолда тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегін де көпшілік қауымға таныту.

Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

"ТТ" ақпарат
11 желтоқсан 2019 ж. 7 398 0