Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

Сырдария аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай «Ата Заң – алтын тұғырымыз» атты оқырмандар мен оқушылар қатысқан салтанатты тақырыптық кеш өтті.
Әнұранмен басталған шараның басты мақсатыеліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдетіп, оқырмандарға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы жөнінде тереңірек түсінік беру мен қатар өзіндік көзқарасы бар ұлтжанды азамат тәрбиелеп және патриоттық тәрбие беру болды.
Ел тәуелсіздігінің кепілі еліміздің Конституциясы қоғамның негізгі міндеттеріне сай келетіндігін бүкіл әлем жұртшылығы танып, біледі. Конституция – әлеуетті бірлік пен болашақта жетістіктерге жол ашатын алтын кілт. Сондықтан заңмен жүру, заңды сыйлау – әр азаматтың борышы. Әрбір ел азаматының парызы осы құндылықты сақтап, қадірлеп, заңдарын орындау.
Сонымен қатар кең көлемді «Ата заң – Тәуелсіздік тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас оқырмандар естелік суретке түсті.                                                                                                                                       

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
29 тамыз 2018 ж. 2 988 0