«Үздік педагог–2025» мектепішілік байқауы өткізілетінін хабарлаймыз!
2025 жылдың 10-14 ақпан аралығында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде «Үздік педагог–2025» мектепішілік байқауы өткізіледі.Байқаудың мақсаты: Педагогтердің қоғамда оң имиджінің қалыптасуына, ұстаз мәртебесінің артуына, ұстаздардың кәсіби өсуіне ықпал ету. Білім саласында кәсіби шеберлігі жоғары, шығармашылықпен айналысып жүрген педагогтердің озат тәжірибесін насихаттау.
Байқаудың міндеттері:
-Дарынды педагогтерді анықтау, оларды қолдау және көтермелеу;
-Мұғалім еңбегінің беделін арттыру;
-Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық озат тәжірибесін тарату, насихаттау.
Байқауды өткізу тәртібі:
Байқау 2 кезеңнен тұрады
І кезең: Ашық сабақ
ІІ кезең:
1)«Педагогтің 1 күндік өмірі» тақырыбында бейнеролик түсіру. Көлемі 3-5 минут көлемінде болуы шарт.
2)«Менің педагогикалық идеям» бөлімі бойынша инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды көрсетіп, озат іс-тәжірибе ұсыну.
Байқау қорытындысы 14 ақпан күні мектеп-лицей акт залында өтеді.












Пікір 1